Теректі мектеп-балабақшасы Тасқопа ауылында орналасқан. Мектеп ғимараты320 орындық типтік үлгіде 2005 жылы салынған. 2009 жылдан бастап, оқушы санының азаюына байланысты мектеп-балабақша кешені болып қайта құрылды. Қазіргі таңда Теректі мектеп-балабақшасында -137 білім алушы, мектепалды даярлықта — 15 бала, шағын орталықта — 15 бала, балабақша тобында — 25 бала тәрбиеленуде. Мектепте — 32 педкадр жұмыс жасайды. Сапалық құрамы жағынан: педагог зерттеуші-10, педагог сарапшы-6, педагог модератор-15, санаты жоқ-4.
Мектеп тарихы — Тасқопада ең алғаш 1928 жылы латынша бастауыш мектеп ашылды. Мұғалімі — Мұханов Хасен. 1951 жылдың тамыз айында Октябрь жеті жылдық мектебі болып қайта өзгертілді. Директоры — Орынбасарова Құрманша. 1960 жылы Октябрь бастауыш мектебі болып қайта құрылды. Мұғалімдері: Абуков Құлдыбай, Сәрсенғалиев Нығмет, Евесов Хайролла, Досанов Орынбасар. 1962 жылы директор болып Ғұбайдуллин Бисен тағайындалды. 1972 жылдың қыркүйегінен бастап, Октябрь сегіз жылдық мектебі болып ашылды. Мектепте 6 сынып, 124 оқушы болды. Директоры — Өтепов Нұрмұхан Исаұлы.
1973-1974 оқу жылындағы директор — Мұхтарова Сәуле Мұхтарқызы.
1974 жылдың қыркүйегінен бастап Теректі орта мектебі болып аталды, директоры болып Досалиева Меңзада тағайындалды.
1977-1986 оқу жылындағы директор -Итібаев Қуанышбек Жәшібайұлы.
1995 — 2001 оқу жылындағы директор — Ізбасаров Берікбай Темірбайұлы.
2001 — 2007 оқу жылындағы директор — Танаубаева Сәттігүл Жұмалықызы.
2007-2013 оқу жылындағы директор — Қожақова Мәрзия Жәниязқызы.
2013-2017 оқу жылындағы директор — Бердигалиева Айнагүл Орынқызы.
2017-2020 оқу жылындағы директор — Атшибаева Әлия Рашқызы.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап мектеп директоры қызметін Нурсултанов Бекбол Мынбаевич атқарып келеді.